География және табиғатты пайдалану факультеті «Халықаралық әйелдер күнін» атап өтті

07.03.2024

Көрулер: 162

7 наурызда География және табиғатты пайдалану факультетінде 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік іс-шараны ашқан факультет деканы А.С. Ақтымбаева өз сөзінде әйелдер қауымын мерекелерімен құттықтап, нәзік жандардың қоғамдағы орнын айрықша атап өтті.

Іс-шара барысында Басқарма Төрағасы – Ректор Ж.Қ. Түймебаевтың атынан университет дамуына үлес қосқан үшін факультеттің нәзік жандары «Ерен еңбегі үшін» университет медалімен, «Құрмет грамотасы» және «Алғыс хат», сондай-ақ академиялық мәселелер жөніндегі Басқарма мүшесі – Проректор Л.К. Еркінбаеваның атынан, әлеуметтік даму жөніндегі Басқарма мүшесі – Проректор С.Қ. Суатайдың атынан және география және табиғатты пайдалану факультетінің деканы А. С. Ақтымбаеваның атынан құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табысталды.

Салтанатты жиын концерттік бағдарламамен жалғасты.  Факультеттің ер азаматтары ұйымдастырған қойылымдар жоғары деңгейде өтті және қатысушылардың бойында көптеген жағымды эмоциялар тудырды.

 

Іс-шара соңында залдағы барлық нәзік жандарға факультет ер азаматтары атынан әдемі гүлдер табысталды.