Сапалы білім беруге ұмтылыс

17.01.2024

Көрулер: 97

«Өмірдің екі тірегі: үйренуден жалықпау, үйретуден аянбау»,-деп Дінмұхамед Қонаев атамыз айтқандай, білім мен өнер сіздің болашағыңыздың жарқын болуына бірден-бір кепіл. Осыған байланысты, География және табиғатты пайдалану факультетінің деканы А.С. Ақтымбаеваның тапсырмасымен, ұжымдағы профессор-оқытушылар құрамының білім беру процесінде оқу-әдістемелік мәліметтермен қамтамасыз етуін жетілдіру мақсатында, олардың көктемгі семестрге дайындығын арттыру және «ПОӘК, силлабус және білімді бағалау критерийлерін құрастыру» мәселелері бойынша оқу-әдістемелік тәжірибелік семинар өткізу, факультеттегі Академиялық кеңес төрайымы Ә.Ғ. Көшімге жүктелген болатын.

Жалпы университеттегі Академиялық кеңестің мақсаты - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына, Қазақстан Республикасының Жоғары білім берудің ұлттық біліктілік шеңберіне, кәсіптік стандарттарға, жұмыс берушілердің талаптарына және білім алушылардың үміттеріне сәйкес білім беру бағдарламаларын жетілдіру негізінде білім беру процесінің сапасын арттыру болып табылады. Осы мақсатқа сәйкес Ә.Ғ. Көшім «Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз» деген қағидаға сүйене отырып, факультеттегі ПОҚ-на оқу-әдістемелік жұмыстарын жетілдіру және ұйымдастыру бойынша тәжірибесімен бөлісіп, аталған тақырыпқа сай презентация жасап 2 күн семинар өткізді. Семинарға факультеттің ПОҚ қатысты.

Қазіргі таңда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да оқу нәтижелері Б.Блум таксономиясының деңгейлерімен сипатталады: білімді түсіну, қолдану, талдау, синтез, бағалау (танымдық, функционалдық және жүйелік құзыреттілік). Өз презентациясында Әсима Ғалымжанқызы Көшім осы таксономия деңгейлерін оқу сатысының үш деңгейі (бакалавриат, магистратура, докторантура) бойынша қалай дұрыс қолдану керектігін нақты, мысал келтіре отырып пысықтап атап өтті.

Семинардан соң өз қалаулары бойынша кейбір оқытушылар Академиялық кеңес төрайымынан жеке кеңестер алып, көптеген сұрақтарына жауап алды.

Бүгінгі таңда тұрақты даму мақсаттарының өзекті тарақтарының бірі – «Барлығын қамтитын және әділ сапалы білім беруді және өмір бойы білім алу мүмкіндігін ынталандыруды қамтамасыз ету». Осы бағытқа байланысты біздің факультетіміздің профессор-оқытушылар құрамыда жоғарыда аталғандай семинарларды ұйымдастыру және қатысу, тәжірибе алмасу мақсатында және жан-жақты білімді, өзіндік ой - талғамы бар, дүниетанымы кең, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу үшін, оқытушыларда өз білімдерін жетілдіруде.