АЭС салу қажет пе?

03.01.2024

Көрулер: 286

Қасым-Жомарт Кемелұлының «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында АЭС салу-салмау мәселесі жалпыхалықтық референдум арқылы шешілетіндігі туралы мәлімдемесі өте орынды деп ойлаймын. Осыған орай мен жұмыс істейтін Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ЮНЕСКО және тұрақты даму кафедрасында тұрақты даму бойынша білім мен тәжірибелік дағдыларды қалыптастыратын, экологиялық қауіпсіздік мәселелерін оқытатын бакалавриат, магистратура курстарында АЭС «жасыл» энергияның артықшылықтарымен кемшіліктері жайлы мағлұматтар толық ашылып қарастырылады. Сондай, ақ осы тақырып шеңберінде республикалық және университет деңгейінде көптеген ғылыми форумдар, конференциялар, пікір-сайыстар өткізіліп отырады.

Мұның бәрі, алдағы өткізілетін жалпыхалықтық референдумда Қазақстан халқының болашақта электр энергияға тәуелсіз және экономикамызға серпін беретін  атом электр стансасын салу жобасын қолдауға өз септігін тигізеді деп ойлаймын.

Оразбаев А.Е.- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЮНЕСКО және Тұрақты Даму кафедрасының аға оқытушысы, х.ғ.к.

Толық мақала