Маңғыстау облысы жер ресурстарының қазіргі жағдайын зерттеу

13.12.2023

Көрулер: 314

12.12.2023 жылы Ақтау қаласында география және табиғатты пайдалану факультеті, тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының оқытушылары б.ғ.к. доцент Б.Е. Шимшиков және б.ғ.к. доцент Г.А. Мұқанова Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасының бастығы Қажымұханов Батырбек Төлегенұлымен жұмыс кездесуін өткізді. Әңгімелесу барысында "Жасыл өсу контекстіндегі Батыс Қазақстан өңірінің табиғи-шаруашылық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерінің орнықты дамуы: кешенді талдау, тұжырымдама, болжамдық бағалау және сценарийлер" тақырыбы бойынша мегажобаның мақсаттары мен облыстың жер ресурстарының жай-күйі талқыланды. Б.Т. Қажымұханов бұл жобаға қолдау білдіріп, көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.