Қазақстанның Батыс аймақтарының тұрақты даму мәселелері

14.12.2023

Көрулер: 282

Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетіндегі география және туризм кафедрасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ географтарымен кезекті кездесу (PhD, доцент Е.Х. Кәкімжанов пен г.ғ.к., доцент Т.А. Базарбаева) BR21882122 «Жасыл өсу контекстінде Батыс Қазақстан аймақтарының табиғи, экономикалық және әлуметтік шаруашылық жүйелерін орнықты дамыту: кешенді талдау, концепциясы, болжамдық бағалау және сценарийлер» мега жобаның тақырыбында өтті. https://www.kaznu.kz/ru

 

 

Кездесу барысында табиғи-ресурстық әлеуетінің қазіргі жағдайына қатысты осы өңірдің тұрақты дамуы саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланып, зерттеліп отырған аймақтың топырақ жамылғысының техногендік ластану проблемалары да қозғалды. Кездесуге тарих факультетінің деканы т.ғ.к., доцент Ә.Б. Аман, география және туризм кафедрасының меңгерушісі М.М.Исмаилова, кафедраның жетекші ғалымдары г.ғ.к., доцент Г.Көбесова, г.ғ.к., доцент А.М. Сергеева және т.б. өкілдері қатысты.