Жасыл өсу контекстінде Батыс Қазақстан өңірінің табиғи-шаруашылық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерінің тұрақты дамуы.

14.12.2023

Көрулер: 310

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, жаратылыстану-география факультетіне әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың география саласындағы профессорлары (PhD, доцент Е.Х. Кәкімжанов пен г.ғ.к., доцент Т.А. Базарбаева) BR21882122 «Жасыл өсу контекстінде Батыс Қазақстан аймақтарының табиғи, экономикалық және әлуметтік шаруашылық жүйелерін тұрақты дамыту: кешенді талдау, концепциясы, болжамдық бағалау және сценарийлер» мега жобаның тақырыбы бойынша кездесуге келді. https://farabi.university/news/84268?lang=ru 

Университетіміздің ғалымдары: ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор, г.ғ.к., профессор К.М. Ахмеденов, жаратылыстану-география факультетінің деканы А.А. Тұрғымбаев, осы факультеттің профессорлары С.К. Рамазанов, З.Я. Сахарнова және т. б. профессорлық оқытушылары, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың география саласындағы профессорлары PhD, доцент Е.Х. Кәкімжанов пен г.ғ.к., доцент Т.А. Базарбаевамен кездесіп таныстырылды.

Кездесу барысында Қазақстанның Батыс аймақтарындағы табиғи-ресурстық әлеуеттің қазіргі жай-күйі мәселелері талқыланды, зерттелетін өңірдің топырақ жамылғысының техногендік ластану мәселелері қозғалды.