Футболдан турнир

02.02.2019

Көрулер: 2150

2019 жылдың 2 ақпанында, рекреациялық география және туризм кафедрасының студенттері мен оқытушылары футболдан турнир ұйымдастырды. Кафедраның жас оқытушылары белсенді қатысып, өзінің командасын жарысқа ұсынды. Мұндай іс-шаралар «Салауатты өмір салты» бағдарламасының аясында өткізіліп тұрады және де оның басты мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау. Сондай-ақ, Рекреациялық география және туризм кафедрасында ұйымдастырылған «Жастур» клубының мүшелері, жыл сайын «Туризм» мамандығы бойынша университеттер арасында футболдан жарыс ұйымдастырады. Мұндай іс-шаралар рухты күшейтіп, барлық курс студенттерін бір үлкен отбасына біріктіреді, және де студенттер мен мұғалімдердің бірлесіп жұмыс жасауына септігін тигізеді