Мобильдік қосымша «AlaTauGIS»

28.11.2018

Көрулер: 2674

28.11.2018 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Жандану әлемі» қорының қолдауымен, «Жас Отан» жастар қанаты, ҚР Жазушылар Одағы және Алматы қаласы әкімдігі Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті күніне арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Жастар жылы қарсаңында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Мен жастарға сенемін!» республикалық 6-шы патриоттық форумы өтті. Аталған форумға факультетіміздің география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының "6М060900-География" мамандығының 1-курс магистранты Ерболқызы Сандуғаш қатысты. «Еліміздің инновациялық дамуына менің қосқан нақты үлесім» атты студенттік әлеуметтік маңызы бар инновациялық жобалар байқауында, Ерболқызы Сандуғаш заманауи ГАЖ технологияларының көмегімен шағын, орта туризм ұйымдарымен туристік агенттіктерді бір жүйеге орталықтандыратын, гаджеттерге арналған туристік мобильдік қосымшасы «AlaTauGIS» жобасын ұсынды. Жобаның жетекшісі география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының доцент м.а. Шокпарова Д.К.

«AlaTauGIS» жобасынының жалпы ойы Android iOS-та сәйкестендіріліп, қосымша анықтамалық құрал ретінде online және offline түрінде жұмыс жасайтын мобильдік гаджеттерге арналған туристік қосымша құру. Алматы қаласының туризмін дамыту, туристік турлармен маршруттарды ұйымдастыру және олардың теориялық негіздеу практикалық маңыздылығын анықтау. Алматы қаласы тұрғындарымен қала қонақтарына арналған мобильдік қосымша жобасының іске асырылып, қаламыздың туристік тұрғыдан жарнамалануы мен туризімді дамыту мақсатында өз үлесін қосатынына сенімдіміз.