ҚазҰУ-да клиникалық орталық ашылатын болады

16.05.2018

Көрулер: 3624

ҚазҰУ-да Северанс ауруханасымен бірлесіп 500 орынға арналған клиникалық орталық ашу жоспарлануда. Бұл туралы ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов Северанс ауруханасының бас директоры Ли Бён Сокпен кездесу барысында келісімге қол қойды.

2014 жылдың желтоқсанында ҚазҰУ-дың «Керемет» СҚКО-да ҚР Жоғары оқу орындарының тарихында алғаш рет «Кангнам Северанс» ауруханасымен бірлескен медициналық-диагностикалық орталық ашылған болатын. Орталықта оқытушылар мен студенттерге жоғары сапалы технологиялық жабдықта халықаралық сапа стандарттарына сәйкес медициналық қызмет көрсетіледі.Университетте медицина мамандарын дайындауда халықаралық стандарттар мен жаңа ғылыми жетістіктер негізінде білім беру бағдарламаларының барлық деңгейлері жүзеге асырылуда. Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің білім беру бағдарламасы Оңтүстік Кореяның жетекші жоғары оқу орындарының медициналық факультеттерінің оқу бағдарламаларына негізделген.

Кездесуді ашқан ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов Ёнсе университеті жанындағы Северанс ауруханасының Қазақ ұлттық университетінің стратегиялық дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. «5 жыл серпінді дамудағы ынтамақтастық барысында университетте медициналық факультет ашылып, халықаралық білім беру бағдарламалары, сонымен қатар оқытушы-профессорлар құрамының біліктілігін арттыру магистранттар мен докторанттардың тағылымдамадан өтуі тұрақты негізде ұйымдастырылды. Северанс ауруханасының ЖОО-ның қызметкерлеріне ғана емес, сондай-ақ Қазақстан халқының әлеуметтік қорғалмаған топтарынан шыққан 13 балаға Северанс ауруханасында оталық көмек көрсетіліп қайырымдылық акцияларын жасағаны үшін алғысым шексіз», - деді ректор Ғалым Мұтанов.

Сондай-ақ ректор 2016 жылдың қарашасында Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың Корей Республикасына мемлекеттік сапары барысында Елбасы Ёнсе университетінде болып, біздің ынтымақтастығымыздың дамуына оң бағасын берген деп атап өтті.

Северанс ауруханасының бас директоры Ли Бён Сок өз кезегінде Корея-Қазақстан қарым-қатынасының серпінді дамып келе жатқанын атап, болашақта бірлесе ынтымақтаса жұмыс істеуге дайын екендігін білдірді. Кездесу аясында ҚазҰУ-дың Пан Ги Мун атындағы Халықаралық Тұрақты даму институты және Ёнсе университетінің Жаһандық өзара әрекеттесу және әлеуетін нығайту институтымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, шара барысында клиникалық орталықтың құрылысы бойынша екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің келешегі талқыланды.

#Геофак_КазНУ
#Кафедрагеографииземлеустройстваикадастра
#Геоземкад_КазНУ