"Спортшыларды медико-биологиялық сүйемелдеу мен оңалтудың өзекті мәселелері" онлайн конференциясы

06.11.2020

Көрулер: 2123

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және спорт мамандықтары Орталығы, Сіздерді 13-15 қарашада аралығында өтетін "Спортшыларды медико-биологиялық сүйемелдеу мен оңалтудың өзекті мәселелері" атты II халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференцияға шақырады.
Конференция бағдарламасында спортшыларды медико-биологиялық сүйемелдеу мен оңалтудың өзекті мәселелерін талқылау, ТМД және еуропа елдерінің үздік спикерлерінің спорттағы кардиология, психология, тамақтану және т.б. тақырыптардағы баяндамалары қамтылған.
Сертификатсыз конференцияға қатысу тегін өткізіледі
Қатысушылар өз қалауы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық үлгідегі сертификатын ала алады.
Сайтта тіркеуден өтуге үлгеріңіз: www.sportcareer.kz
Толығырақ біздің сайтымыздан біле аласыз: www.sportcareer.kz немесе телефондар бойынша: +7 771 790 0053; 8 775 858 1967