Әл-Фараби пайымындағы Аристотель логикасының пайдасы

05.11.2020

Көрулер: 1736

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультеті, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы ұйымдастырып отырған ұлы ойшыл, ғұлама Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай араб тілі ұстаздарына, докторанттар мен магистранттарға арнап жүргізілетін «Лидерлік дәрістер» сериясы жалғасуда.

03 қазан күні онлайн форматта «әл-Фараби пайымындағы Аристотель логикасының пайдасы» тақырыбындағы онлайн вебинар өтті. Аталмыш вебинарды Сирия Араб Республикасы, Дамаск университетінің араб филологиясы мен гуманитарлық ғылымдар факультетінің ұстазы, PhD доктор Раида Нахар әл-Дали дәріс оқыды.

Бұл онлайн шараға отандық арабтанушылар мен фарабитанушылардан бөлек алыс-жақын шетелдерден мамандар қатысып әл-Фараби философиясының жаңа қырлары туралы өз ойларын ортаға салды. Онлайн кездесу араб тілінде өтті.