Көкжайлау

03.10.2019

Көрулер: 1965

2019 жылдың 22 қыркүйегінде рекреациялық география және туризм кафедрасының студенттері мен оқытушылары «Көкжайлау»-ға тағы бір демалыс күнгі жорығын ұйымдастырды. Мұндай іс-шаралар «Салауатты өмір салты» бағдарламасының аясында өткізіліп тұрады және де оның басты мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау. Сондай-ақ, бірінші курс студенттері оқу практикасына дайындалуға жақсы мүмкіндікке ие болады. Рекреациялық география және туризм кафедрасында ұйымдастырылған «Жастур» клубының мүшелері туристік көпсайыстан жарыстарға қатысады. Бұл демалыс күнгі жорықтар рухты күшейтіп және де барлық курс студенттерін бір үлкен отбасына біріктіреді.