Гонконг университетінің профессорларымен кездесу өтті

24.04.2019

Көрулер: 2115

24 сәуір күні Гонконг политехникалық университетінен келген екі профессор Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің шығыстану факультетінде жас ғалымдармен, магистранттармен және докторанттармен кездесіп, дәріс оқыды. Гонконг политехникалық университетінің гуманитарлық факультетіне қарасты Қытай тілі және билингвизм департаментінің директоры, профессор Дэвит Ли «Көптілді Қытайдың 1950 жылдан ұстанып келе жатқан тілдік саясатына жалпы шолу» (Multilingual China’s language policy since the 1950s: An overview) деген тақырыпта дәріс оқыды. Профессор Ли ҚХР құрылғаннан бері Қытайдағы тілдік жағдай мен тілдік саясатта орын алған өзгерістер туралы, Қытай үкіметінің аз санды халықтардың тілдерін сақтай отырып, қытай тілінің мәртебесін көтеруге қалай күш салғаны туралы айтып берді. Дәріскер біздің елімізге тікелей қатысы бар Қытайдың «Бір жол, бір белдеу» инициятивасы аясындағы тілдік жағыдайға да бір тоқталып өтті. Лекция соңынан тыңдармандардың тарапынан өткір сұрақтар қойылып, соңы талқыға ұласты. Өз кезегінде сөз алған Қытай тілі және билингвизм департаментінің профессоры Чэн Шуи дуен ханым «Гонконгтағы қытай тілін екінші тіл ретінде оқытудың бүгінгі жағдайы» (香港 中文第二语言教学的概况) деген тақырыпта сөйледі. Профессор Чэн Гонконг пен Макао ерекше аймағындағы тілдік жағыдайға тоқтала келе, Гонконг университеттеріндегі тіл оқытудың ерекшеліктері мен артықшылықтарын айтып өтті. Студенттер мен магистрант, докторанттарды Гонконг политехникалық университеті ұсынып отырған түрлі тіл үйрену бағдарламаларына қатысуға шақырды. Дәріс соңынан Гонконг политехникалық университетінен келген екі профессор қытайтану кафедрасының оқушы-профессорлар құрамымен кездесіп, болашақ ынтымақтастық жоспарын талқылады.