Корей тілі Олимпиадасы жеңімпаздары

19.11.2018

Көрулер: 1720

23-24 қарашада Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде корей тілінен ауқымды xалықаралық олимпиада өткізілді.  Оған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресейдің 15 жоғары оқу орнынан 40 студент қатысты.

Олимпиадаға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасы корейтану бөлімінің студенттері де қатысты. Бұл корей тілі бойынша өткізілген білімділер сайысында біздің кафедрамыздың 4 курс студенті Ұлан Роза 3-ші жүлделі орынға ие болды. Жеңімпаз сертификатпен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Қиыр Шығыс кафедрасының жеңімпаз-студенті корей тілі бойынша өз білімінің жоғары деңгейін көрсетіп, біздің университетіміздің үздіктердің қатарында екендігін тағы да бір мәрте дәлелдеді. Бұл жетістік – барлық қатысушы-корейтанушыларға жақсы үлгі.