Tsukuba Global Science Week 2018

22.09.2018

Көрулер: 2023

Ағымдағы жылдың 20-22 қыркүйегі аралығында Tsukuba International Congress орталығында «Driving Sustainable Development» тақырыбында өткен шараға Қиыр Шығыс кафедрасының профессорлары Ниномия Такаши мен Ем Наталия қатысып қайтты.

Цукуба университеті 20 жылдан астам уақыт бойы кафедраның тұрақты серіктесі. Аталған университетпен академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2015 жылы ҚазҰУ ректоры Ғ.М. Мұтановтың бастамасымен жасалған келісім негізінде бүгінде екі ЖОО-лар арасында ынтымақтастық мүмкіндіктері арта түсті. «Кампустағы кампус» келісім шарты ҚазҰУ-дың көптеген факультеттерінің студенттері үшін академиялық ұтқырлық бағдарламасының ауқымын кеңейтіп, жапон студенттеріне университет есігі айқара ашылды. Одан басқа «Шығыстану» мамандығы бойынша қос диплом бағдарламасы да қолға алына бастады. Сонымен қатар жаратылыстану-ғылыми бағытындағы 100 пән Цукуба университетінің платформасында жапон студенттерінің қарастыруына ұсынылды.

Жапония мен Орталық Азияны зерттеу жөніндегі ғылыми-білім беру орталығының қызметі серіктес-университеттердің ғылыми қызығушылық щеңберін ұлғайтып келеді. Ол өз кезегінде шәкіртақылық бағдарламалар мен бірлескен ғылыми жобалардың көбеюіне ықпал етті.

Орталық Азияны зерттеу орталығымен бірлескен жобалардың бірінің нәтижесінде “Research on Humanities and Social Sciences corresponding to “people beyong country borders” as seen from Central Asia” зерттеуінің нәтижесі ұсынылды. Цукуба университетіндегі орталықтың директоры профессор ONO Masaki профессор Н. Такаши мен Ем Наталияның конференцияда ұсынған баяндамаларының нәтижелігін және ҚазҰУ орталықтарының ғылыми қызметінің анағұрлым маңызды рөлін ерекше атап өтті.