"Метеорология" мамандығының 2 курс студенттерінің ұйымдастырумен футболдан турнир өтті

21.04.2019

Көрулер: 1950

2019 жылдың 21 сәуір күні "Салауатты өмір салты" бағдарламасының аясында "Метеорология және гидрология" кафедрасының "Метеорология" мамандығының 2 курс студенттерінің ұйымдастырумен футболдан турнир өтті. Турнирге 1,2,3,4 курс студенттері, сонымен қатар кафедра магистранттары мен оқытушылары қатысты. Нәтижесінде I орынды магистранттар тобы, II орынды оқытушылар тобы, III орынды 2 курс студенттер тобы иеленіп,үздік ойыншылар мен үздік жанкүйерлер анықталды. Турнир соңында арнайы дипломдар мен сыйлықтар табысталды. Қатысушылардың айтуынша, турнир өте қызықты өтті және оны кафедраның дәстүрлі турнирі етуге ниет білдірді.

 

Ұйымдастырушы-жетекшілер:Метеорология және гидрология кафедрасының оқытушылары Мусралинова Г.Т.,Жәди А.Ө