Қытай көпірі атты конкурс

20.04.2019

Көрулер: 2196

2019 жылдың 20 сәуірінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Дайындық факультетінің Акті залында «Қытай тілі көпірі» Бүкіләлемдік студенттер жарысының Алматы қаласы бойынша аймақтық деңгейдегі ақтық сыны өтті. Биылғы жылдың негізгі тақырыбы – «Аспан астындағы бір отбасы». ҚазҰУ-да бұл жарыс жылда өткізілетін дәстүрлі жарысқа айналды және оның басты ұйымдастырушысы ҚазҰУ жанындағы Конфуций Институты. Алматы қаласының қытай тілін оқытатын ЖОО-ның студенттері іріктеу сайысына қатысып, ең жоғары нәтиже көрсеткен 10 студент ақтық сынға жолдама алды. Сайыс барысында үміткерлер қытай тілінде шешендік өнерден күш сынасып, Қытай тілі, мәдениеті, тарихы бойынша сұрақтарға жауап берді және өздерінің көркемдік өнерлерін көрсетті. Әділқазылар алқасының құрамында қытайлық компаниялардың басшылары және қытай тілі мұғалімдері болды. 

Сайыс нәтижесінде ҚазҰУ Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының студенттері жүлделі орындарды иеленіп, мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Орын алған студенттер:

 

2 орын – Диханбаева Карина, 4 курс

                Ниязова Асылжан, 2 курс

 

3 орын – Кунашева Дана, 4 курс

                Мустафа Карина, 2 курс

 

Студенттерімізді шын жүректен құттықтаймыз!