«5В020900-ШЫҒЫСТАНУ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША ӨТКЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ БАСПА РЕЛИЗІ

24.04.2019

Көрулер: 2300

28-29 наурызда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде араб тілінен «5В020900-Шығыстану» мамандығы бойынша республикалық олимпиада өтті.

            Олимпиадаға «5В020900-Шығыстану» мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ және Абылайхан атындағы ҚазХҚжӘТУ оқу орындарының 2,3 курс студенттері қатысты.

            Араб тілі бойынша комиссия мүшелері келесі оқытушылар болды:

  1. Ф.ғ.к., доцент Көптілеуова Д.Т.
  2. PhD, аға оқытушы Тюлегенов Қ.М.
  3. PhD, аға оқытушы Әбулфутух Ю.Ә. (Каир университеті, Мысыр)
  4. Оқытушы Муаз Сабри (Иордания университеті, Иордания)
  5. Оқытушы Жазылханұлы Е.

 

           Олимпиадаға Египет Араб Республикасының мәдени және білім беру орталығы демеуші болды. Орталық атынан PhD, аға оқытушы Әбулфутух Сабри Юнус Әбулфутух сөз сөйледі.

           Олимпиада 2 бөлімнен тұрды: тест және араб қоғамының әлеуметтік, мәдени және саяси өмірінің түрлі салаларында тақырыпты араб тілінде таныстыру. Олимпиадаға жалпы саны 10 студент қатысты, олардың 5-і әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нен, 2-і Абылайхан атындағы ҚазХҚжӘТУ-ден және 3-і Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ден келді.

           Олимпиаданың мақсаты - араб тілі мен мәдениетін Қазақстанда таралуына ықпал ету және араб тілі мен мәдениеті туралы білімдерін сынға сала отырып, жүйрігін анықтау.

           Олимпиада қорытындысы бойынша 1-орынды Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ 3 курс студенті Шади Арсен қанжығасына байлады, ал 2-ші орынға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дыі 2 курс студенті Төлегенова Аяла мен Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 3 курс студенті Сағындық Айзере лайық деп танылды. 3-ші орынды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 2 курс студенті Ізбасаров Саят,   Абылайхан атындағы ҚазХҚжӘТУ-дің 3 курс студенті Мамутова Мархаба, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 3 курс студенті Баймахан Әсем алды.