Таңғажайып Жапония

12.04.2019

Көрулер: 1866

Кәсіптік бағдар беру аясында Қиыр Шығыс кафедрасының оқытушылары «Таңғажайып Жапония» оқушыларына арналған іс-шара өткізді. Іс-шараға Алматы қаласының жоғары сынып оқушылары мен жапонтану кафедрасының студенттері қатысты. Іс-шараның басында бірінші курс студенттері Қиыр Шығыс кафедрасы туралы, Жапонтану бөлімі туралы айтып берді. Содан кейін бірінші курс студенттері орта мектеп оқушыларына арналған Жапония туралы викторина өткізді. Оқушылар сұрақтарға белсенді түрде жауап берді, Күншығыс еліне үлкен қызығушылық танытты. Сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушылар жапондық кәдесыйлармен марапатталды. Іс-шараның жалғасында бірінші курс студенті Рахманкулов Артур жапон тілінде ән шырқады. Содан кейін орта мектептің оқушылары өз әсерлерімен бөлісті. Іс-шараның соңында студенттер Жапонияда оқу мүмкіндіктері туралы бейнеролик көрді.Содан соң, орта мектеп оқушылары Жапония туралы сұрақтар қойды.
           Жалпы алғанда, іс-шара сәтті өтті, оған оқушылар қызығушылығын танытуы дәлел болды, кейбір оқушылар шығыстану факультетіне түсуге және жапон тілін үйренуге ниет білдірді.