Адамға табын жер, енді!

11.04.2019

Көрулер: 2144

2019 жылдың 11 сәуір күні, География және табиғатты пайдалану факультетінің жатақханасында «100 кітап» жобасы аясында метеорология және гидрология кафедрасының 2, 3 курс студенттерінің ұйымдастырумен 12 сәуір – Ғарыш күніне орай О. Сүлейменовтың «Адамға табын жер, енді!» поэмасы бойынша іс-шара өткізілді.

12 сәуір - Ғарышкерлер күні турасында, алғаш ғарышқа ұшқан адам Ю.А. Гагарин, В. Терешкова және Қазақ ғарышкерлері Т. Әубәкіров пен Т. Мұсабаев жайында ғұмырнамалық деректер айтылды. Әлемдегі теңдесі жоқ «Байқоңыр» ғарыш айлағы, Халықаралық ғарыш станциясы, ғарыш зондтары, обсерваториялар, телескоптар, ғарыш станциялары жөнінде сөз қозғалды. Күн жүйесі, ғаламшарлар, аспан денелері жайында сұрақ-жауап түрінде мәлімет алмасу ретінде өтті. Космостық метеорология және Ғарыш тақырыптарында викториналық сұрақтар қойылды. Іс-шара топтық сайыс түрінде жүргізілді. Сайыс 4 кезеңді қамтыды:

Таныстыру

Сұрақ-жауап

Логикалық сайыс

Видеодыбыстау

Іс-шараға студенттер белсене қатысып, өз өнерлерін де көрсетті. Нағыз командалық ойын мен тапқырлықты көрсете білген студенттер көптеген қызықты мәліметтермен алмасып білімдерін шыңдай түсті.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: Мусралинова Г.Т., Абаев Н., Суйлеменова А.Р.,