«Jazz әуендері» кешіне қатысу.

31.10.2018

Көрулер: 1954

2018 жылдың 31 қараша күні «Менеджмент» мамандығы бойынша 2 курс қазақ бөлімінің студенттері Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында өткен «Jazz әуендері кешіне» қатысты. Кеш Алматы қаласында құрылған «Биг Бенд» тобының 50 жылдығына арналды. Кеште қазақстандық джаздың ардагерлері бой көрсетті, сонымен қатар, Герш Геллер (Израиль), Гоги Метакса (Греция), Юрий Парфенов (Мәскеу) және Виктор Курницкий (Ташкент) секілді шет елдік қонақтар да қатысты.

Студенттер аталған кешті келесідей сөздермен сипаттады: «Керемет болды!»