«1-курс таланттары» көркемөнерлік байқауы.

01.11.2018

Көрулер: 1842

2018 жылдың 1 қарашасында келесідей мамандықтардың студенттері, “ЖжМБ” (3 курс,қ/б), “Маркетинг” (2 курс,қ/б), “Логистика” (3 курс, қ/б), “Менеджмент” (2 курс, қ/б) Ө.А.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында Қазақ ұлттық университеті бірінші курстарының арасында «1-курс таланттары» атты Гала-концерт форматында өткен көркемөнер байқауына қатысты. Қатысушылар саны үш мың жас дарындарды құрады, ал ең мықтылары түрлі номинациялармен марапатталды. Аталған фестивальдің мақсаты – студенттердің қарапайым өмірін еліктіретін күй, әуендер және түрлі билермен толықтыру. Алғаш рет бұл фестиваль 2010 жылы университетіміздің ректоры Ғалымқайыр Мұтанұлының бастамасы бойынша өткізілген болатын, ал қазіргі таңда университетіміздің жылдық дәстүріне айналды. Дәл осы шараның көмегімен ҚазҰУ студенті Қазақстан жастарының бірегей ұрпағы және болашағымыздың қозғаушы күші деп сеніммен айта аламыз.

Тәлімгерлер: Ахметкалиева С.К., Ибраева Л.М., Тынабекова Г.Н., Парманкулова И.С.