«Сандық революция жағдайындағы білім беру бағдарламаларын жаңғырту» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік онлайн-конференция.

12.11.2018

Көрулер: 3232

2018 жылдың 12-ші қарашасында сағат 16.00. (Астана уақытымен) ректораттың мәжіліс-залында «Сандық революция жағдайындағы білім беру бағдарламаларын жаңғырту» тақырыбында халықаралық ғылыми-әдістемелік онлайн-конференция өтті.Онлайн конференцияның мақсаты- мұғалімдердің ғылыми-әдістемелік әлеуетін дамыту, университеттің оқытушыларының ғылыми-зерттеу және жобалық қызметін ынталандыру болып табылады. «Менеджмент және маркетинг» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.д., профессор, Тургинбаева А.Н «Экономикалық мамандықтардың білім беру бағдарламаларын жаңғыртудың басымдықтары» атты тақырыбында баяндама жасады. Ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі «Менеджмент және маркетинг» кафедрасы меңгерушісінің орынбасары э.ғ.к., доцент Тажиева С.К. «Сандық экономика дәуіріндегі менеджерлерді даярлаудың заманауи әдістері мен қағидалары» тақырыбында баяндама жасады. «Менеджмент және маркетинг» кафедрасының доценті, э.ғ.к., Таспенова Г.А. ««Менеджмент» мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру: жаңа идеялар, жаңа тәсілдер» тақырыбында баяндама жасады. 

Конференцияның ұйымдастыру комитеті:

Экономика және бизнес жоғары мектебінің деканы Р.К.Сагиева,

М. Арзаева, А.Баидильдина, Г.Садыханова, А.Тұргенбаева