«Ел бірлігі – ең асыл қасиет» атты кездесу

11.02.2019

Көрулер: 2229

Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы ирантану бөлімінің ұйымдастыруымен «Ел бірлігі – ең асыл қасиет» атты тақырыпта Қазақстан Республикасындағы Тәжікстан Консулдығының Бас консулы Баходур Назирге кездесу өтті. Кездесуде Бас консул Тәжікстанда 2009 жылы қабылданған «Мемлекеттік тіл» туралы заң туралы және осы заңға сәйкес 2009 жылдан бастап тәжік тілінің елдің жалғыз ресми тіліне айналғанын айтты. Одан кейін сөз алған Қазақстандағы «Сомониён» тәжік мәдениеті және әлеуметтік қауымдастығының президенті Саидмурод Шариповге қазақ-тәжік халықтарының достығы туралы айта келіп, Қазақстан халықтары арасындағы тату-тәтті қарым-қатынасты сақтау маңызды екендерін айта келіп, елдегі ынтымақ пен тыныштық жолында жұмыс істеп жатқандарын мәлімдеді. Келесі сөз кезегі «Сомониён» тәжік мәдениеті және әлеуметтік қауымдастығының вице-президенті Иноятуллохон Валиевке тиді. Ол өз сөзінде Қазақстан халықтары Ассамблеясының жұмысына ырзашылық білдіріп, Республика көлемінде 9 тәжік мәдениеті орталығы бар екенін атап өтті. Кездесу барысында факультет деканы мен Бас консул арасында екі ел арасында студенттер алмасу керектігі, сондай-ақ Консулдық пен факультеттің бірлескен мәдени шаралар өткізу қажеттілігі туралы да сөз қозғалды. Кездесу соңында студентер қонақтарға арнап парсы тілінде өлеңдер оқыды.