Профессор Pierre Vandendriessche-тің «Тамақ өнеркәсібіндегі операторлық менеджерлерге арналған Кеңейтілген Excel семинары» тақырыбындағы дәрісі мен тәжірибелік сабағы

08.11.2018

Көрулер: 2419

Биология және биотехнология факультетінде Erasmus+ жобасының қолдауымен профессор Pierre Vandendriessche-тің (Лилль қаласындағы Инженерлік Жоғары мектептің Азық-түлік өнімдері Департаментінің меңгерушісі, Франция) «Тамақ өнеркәсібіндегі операторлық менеджерлерге арналған Кеңейтілген Excel семинары» тақырыбында дәрісі мен тәжірибелік сабақтары өткізілді.

Семинар барысында қатысушылар Excel бағдарламасының мүмкіндіктерімен танысты:

-  Азық-түлік өнеркәсібінде ингредиенттерді оңтайландыру;

-  «Шешім іздестіру» қосымшасын қолдану арқылы проблеманы қою және оны шешу;

-  Жиынтық кестелерді құрастыру (Pivot Table);

-  Түрлі өлшемдегі жобаларды визуалдау және бақылау үшін Excel бағдарламасын пайдалану.