Денсаулық сақтау саясаты және ұйымдастыру кафедрасы (Медицина және денсаулық сақтау факультеті), «Дәрігер-зерттеуші» жаңа эксперименталды бағдарламасы шеңберінде модульдік білім беру үшін, визитинг-профессор Нурлан Даулетбаевты (МакГилл Университеті, Канада) шақырды.

08.11.2018

Көрулер: 2424

 

Денсаулық сақтау саясаты және ұйымдастыру кафедрасы (Медицина және денсаулық сақтау факультеті), «Дәрігер-зерттеуші» жаңа эксперименталды бағдарламасы шеңберінде модульдік білім беру үшін, визитинг-профессор Нурлан Даулетбаевты (МакГилл Университеті, Канада) шақырды.

Н. Даулетбаев – дәрігер-зерттеуші, пульмонолог, персоналды медицина бойынша маман, МакГилл Университеті Медицина факультетінің профессоры (Канада). «Медицина мамандығы бойынша» магистранттар үшін келесі тақырыптарда дәрістер оқылды:

1.   «Персоналды және трансляционды медицина негіздері» («Дәрігер-зерттеуші – болашақ медицинасының негізі ретінде» бөлімі).

2.   «Медицинадағы «Омикстік» технологиялар» («Медицинадағы зерттеудің заманауи технологиялары» бөлімі).

3.   «Жүйелік медицина – болашақ медицинасы» («Дәрігер-зерттеуші – болашақ медицинасының негізі ретінде»).

4.   «Клиникалық тәжирібедегі молекулярлық-биологиялық және жасушалық технологиялар» («Медицинадағы зерттеудің заманауи технологиялары» бөлімі).

Профессор Нурлан Даулетбаев 30-дан астам ғылыми мақаланың авторы (Хирш индексі:15). Дәріс оқу үшін, профессормен ҰМҒТСО сарапшысы шақырылып, ол өз кезегінде, Қазақстандағы ғылыми және медициналық әдебиеттерге қол жетімділік туралы негізгі ақпараттарды берді.

Сонымен қатар, Н.Даулетбаев, Алматы қаласы оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп, дәрігерлік және орта медициналық персоналдың дәлелді медицина электрондық базасымен жұмыс жасауға бағытталған пилоттық жобаны жүзеге асырды.

Ссылка на его социальную сеть, где он написал о КазНу с активной ссылкой-https://www.linkedin.com/feed/update/urn:li:activity:6463687273136291841