Қазақ этикеті ерекшеліктері мен трансформациясы

10.10.2018

Көрулер: 2273

Тарих, археология және этнология факультеті мен Педагогикалық Ғылымдар академиясы қоғамдық бірлестігі қолдауымен, ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қойылған міндеттерді орындау мақсатында «Қазақ этикеті ерекшеліктері мен трансформациясы» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында, қазақ этикетінің әртүрлі аспектілері, оның дәстүрлі ерекшеліктері мен этикет нормаларының жалпы қазақ және аймақтық сипаттамалары жөнінде сөз қозғалды. Дөңгелек үстел модераторы болған, Ш.Ш. Уалиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Тохтабаева Ш.Ж. дәстүрлі қазақ қоғамындағы ер адам мен әйел адамның этикеттері жөнінде өз пікірін білдірді.

Жиын соңында, қатысушы студенттер мен жас мамандар өз сұрақтары мен пікірлерін білдіріп, қазіргі жастардың қолындағы бар мүмкіншіліктерді атап, ұлттық құндылық пен ұлттық код негізін үйлестірушілері екенін, болашақта бұл іске қандай үлес қосу керектігін айқындауға шықырды.

Тарих, археология және этнология факультеті