«Green Campus» бағдарламасы аясында «Өсімдіктердің клеткалары мен ұлпаларының каллустық, морфогенетикалық және регенерациялық белсенділігін зерттеу» тақырыбында өткізілген ғылыми конференция

26.04.2018

Көрулер: 3278

Конференцияның мақсаты мен міндеттері: «Өсімдіктер биотехнология негіздері» курсын оқу барысында орындаған ғылыми жобаларының нәтижелерін көпшілік алдында талқылау. Студенттерді ғылыми - зерттеу жұмыстармен айналысуға қызықтыру, олардың оқу танымдық, творчестволық қабілеттерін ашу көзделген.

Конференция барысында студенттер өсімдіктер биотехнологиясы саласы бойынша меңгерген теориялық және практикалық білімдерін көрсете білді, сондай-ақ, өсімдік ұлпалары мен клеткаларын in vitro жағдайында өсіру бойынша ғылыми - зерттеу жобаларын жоспарлау және орындау, алынған нәтижелерді талдау, тиісті теориялық тұрғыдан қорытындылар мен тұжырымдар жасаудыды толық игергендіктерін көрсетті. Осының айғағы ретінде, өткізілген конференцияда студенттер өздерінің және әріптестерінің жасаған ғылыми жобалары бойынша алынған қорытынды нәтижелерін үлкен қызығушылықпен тыңдап, белсенді талқыға салды, ортаға тасталған мәселелердің шешімдерін бірлесе отырып табуға тырысты, әрі өзара тәжірибелермен алмасты.

Өткізілген орын: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, БАЗ-3, өткізу уақыты: 10:00.

Конференция 2 сатылы (топ ішілік, топ аралық) өткізілді. Конференцияда студенттер зерттеу барысында алған нәтижелерін көпшілік алдында талқыға салып, өз жобаларын жоғары дәрежеде қорғады. Нәтижесінде әділқазылардың шешімімен үздік шыққан 3 топ тиісті дипломдармен және интеллектуалды ойындарға белсенді қатысқан студенттер 7 студент грамоталармен марапатталды.

 

Дипдомдар мен грамоталармен марапатталған студенттер тізімі

 

Студенттердің аты-жөні

топ

Топтың аты

Марапатталу түрі

1

Искакова Д., Қалиділда А., Қахарманова А., Илбаева Г., Құдабаев А., Қамалова М., Қыдырбеков А

БТ 16-03

 

Bio-Stev

I- ші дәрежелі диплом

2

Әбуталі Ә., Бақтығалиева А., Бауыржан А., Естаева М., Ибатова А., Бахытұлы Қ., Бағланқызы М.

БТ 16-02

Жас биотехнолог

II- ші дәрежелі диплом

3

Аманжол С., Аманкулова Т., Ахмедин Б., Абдимирова А., Жолдаспаева З., Айдарбекова И., Ахмет Ж.

БТ 16-01

 

Greenlife

 

III- ші дәрежелі диплом

4

Жолболды У., Талғатова Г., Сабыр А., Рыспек А., Садуақасова Э.,Сейитжапар М.,Амангельдиева Ж.

БТ16-06, 08, 04, 05

Топ студенттері

грамота

Ұйымдастырушы оқытушылар: б.ғ.к., доцент Асрандина С.Ш., б.ғ.д., профессор Атабаева С.Д., х.ғ.д., профессор Шоинбекова С.А., б.ғ.к., доцент Ерназарова Г.И.