Erasmus+ ENINEDU жобасының мүшелері Афиналық экономика және бизнес университетінде (Греция) семинар-тренингке қатысты

26.04.2018

Көрулер: 3190

ERASMUS+ “Жаңа әлеуметтік ортаға сәйкес жоғары білім беру мен корпоративтік секторлардың интеграциясын жетілдіру – ENINEDU” жобасының аясында Экономика және бизнес жоғары мектебі деканының ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, PhD Жидебекқызы А. және «Экономика» кафедрасының ассистенті Бимағамбетова Ж.Қ. Афина экономика және бизнес университетінде (Грекия) 22 сәуірден 26 сәуір аралығында өткен семинар-тренингке қатысты.

Жобаның мақсаты – әрбір әріптес ел үшін қолайлы заманауи әдістердің тәжірибелік маңыздылығын, олардың оқу жоспарлары мен бағдарламаларындағы орны және оқу нәтижелерін өлшеу, бизнес пен жоғары оқу орындарының арасындағы ынтымақтастық жүйесінде интеграцияланған стандарттарды дайындау, ЕО елдеріндегі университеттер мен бизнеске байланысты ұлттық заңнамаларды сараптамалық зерттеу болып табылады. Іссапар барысында университеттің белгілі бір бөлімшелерінің қызметтері зерттелді, сонымен қоса, бизнестің корпоративті сектормен өзара жұмыс жасаудың ерекшеліктері зерттелді.