Қайрат Мәмимен өткен кездесу

17.04.2018

Көрулер: 2120

ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасы, ҚазҰУ Түлектер қауымдастығының президенті заң ғылымдарының докторы, Қайрат Мәмидің қатысуымен ҚазҰУ-дың 85 жылдығына дайындық және университет түлектер қауымдастығының 25 жылдығына арналған ҚазҰУ түлектер қауымдастығының төралқасы өтті.  

Жиын барысында университет ректоры академик Ғалым Мұтантов қатысушыларды университеттің жаңа жобалары атап айтқанда, халықаралық стандарттарға сай студенттер жатақханасы жобасы және Қазақстан Республикасы Президентінің «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын орындау мақсатында ҚазҰУ-да 25 метрлік ескерткіш салу жобаларымен таныстырды.

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік қағидаттарына сәйкес 25 метрлік ескерткішті салуға бірауыздан шешім қабылданды. Сондай-ақ Қайрат Мәми Жасыл технологиялар орталығы жұмысымен танысып, Alma Mater қабырғасында өткен кездесу достық жағдайда өтті.