С.Ә. Айсағалиевтің 75 жылдық мерейтойына арналған кеңейтілген кафедра мәжілісі өтті

17.11.2017

Көрулер: 3123

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті механика-математика факультеті дифференциалдық теңдеулер және басқару теориясы кафедрасының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 14 қараша күні сағат 1400 қызыл залда Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткері С.Ә. Айсағалиевтің 75 жылдық мерейтойына арналған кеңейтілген кафедра мәжілісі өтті. Мәжілісті ашқан факультет деканы Дәурен Бақытбекұлы Жәкебаев өз сөзінде Қазақстан Республикасының ғылымына еңбек сіңірген қайраткер, Жоғары мектеп және Халықаралық ақпараттандыру академияларының академигі Айсағалиев Серікбай Әбдіғалиұлының ғылыми, педагогикалық және қоғамдық қызметіне қысқаша тоқталып өтіп, мереке иесін факультет атынан құттықтаған соң сөз кезегін университет ректоры ҚР ҰҒА академигі Ғалымқайыр Мұтанұлы Мұтановқа ұсынды. Ректорымыз Айсағалиев Серікбай Әбдіғалиұлына әл-Фараби алтын медалін табыс етіп, мерейтой иесіне жылы лебізін білдірді. Содан кейін құттықтау сөздерін профессорлар Жиеналиев М.Т., Сүлейменов Ж., Мұрзабеков З.Н., Серовайский С.Я., Төкеев У.А. сөйледі. Мәжіліс соңында С.Ә. Айсағалиевтің 75 жылдық мерейтойына арналған “Математика” (Математикалық анализ, сызықты алгебра және дифференциалдық теңдеулер) бойынша пәндік олимпиада жеңімпаздарына диплом және сыйлықтар табыс етілді.