«Білім беру және карьера» атты XIX халықаралық көрме

06.04.2018

Көрулер: 2218

5-7 сәуір аралығында Қазақстан және шет ел оқушылары мен студенттері үшін «Білім беру және карьера» атты XIX халықаралық көрмесі өтті. Көрме 3 күн қатарынан жұмыс істеді. Іс-шараға Қазақстан жоғары оқу орындарымен қатар шет елдік университеттер де қатысып, жарнамалық акция жүргізді. Көрме кезінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Абитуриент орталығы және бағыт бағдар беру жұмысына жауапты оқытушылар жұмыс істеді. Біздің факультеттен де Құмғанбаев Ж. және Сагындыкова С. оқытушылар қатысып, факультет мамандықтары туралы мағлұмат берді.

Тарих, археология және этнология факультеті