Кеңес беру мақсатында онлайн конференция

15.02.2018

Көрулер: 2604

факультеттің бағыт бағдар беру жұмысына жауаптылар және дүние жүзі тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен 10-11 сынып оқушылары және колледж студенттері үшін онлайн конференция өткізілді. Онлайн конференция барысында Қазақстанның әр түкпірінен 10 жалпы орта білім беретін мектеп пен Алматы қаласының көпсалалы колледжі қатысты. Іс-шара барысында оқушылар факультеттің мамандықтарына байланысты толық мағлұмат алды. Алматы қаласының көпсалалы колледжі мұрағаттану мамандығына қатысты көп сұрақ қойды және соған лайықты жауаптарын алды.

Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы