Кеңес беру мақсатында онлайн конференция

02.02.2018

Көрулер: 2236

Факультеттің бағыт бағдар беру жұмысына жауаптылар мен археология, этнология және музеология кафедрасының ұйымдастыруымен 10-11 сынып оқушылары үшін онлайн конференция өткізілді. Онлайн конференция барысында Қазақстанның әр түкпірінен 19 жалпы орта білім беретін мектеп қатысты. Іс-шара барысында оқушылар факультеттің мамандықтарына байланысты толық мағлұмат алды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға қанша балмен түсуге болады, университетке оқуға түсу барысында қандай жеңілдіктер қарастырылған деген сияқты сұрақтар көп қойылды. Бұл сұрақтардың бәріне қатысушылар жауап алды.

Археология, этнология және музеология кафедрасы