Қаскелең мәдениет колледжі студенттеріне бағыт бағдар беру жұмыстары жүргізілді

05.10.2017

Көрулер: 3285

Қаскелең мәдениет колледжінің  5В091000-Кітапхана ісі мамандығының 2-3 курс студенттеріне дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасында кәсіптік бағдар беру бойынша жұмыс жүргізілді.

Кәсіптік бағдар беру жұмысы бағдарламасы бойынша колледж студенттері тарих, археология және этнология факультетінің оқу ғимаратымен танысып, дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы құрамындағы кітапхана ісі мамандығы жөнінде толыққанды мағлұматпен дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к. Б.С. Асанова таныстырды.

Кәсіби бағдар жұмысы бағдарламасы барысында колледж студенттерін Кітапхана ісі мамандығының 2-3 курс студенттері университтеттің ғылыми кітапханасымен, кітапхананың барлық бөлімдерімен таныстырып, өздері білім алып жатқан мамандықтарының ерекшеліктерін, студенттердің өмірі мен тыныс-тіршілігі, оқуы мен сабақ барысы, сонымен бірге студенттер үйінің тыныс тіршілігімен бөлісті. Кәсіби бағдар жұмысының жалғасын  жоғарыда аталған «Кітапхана ісі» мамандығының студенттері университет қалашығымен толық таныстырып, жалғасын ҚазҰУ-нің «Кітапхана ісі» мамандығында оқитын 3-4 курс студенттерімен кездесіп, оқу процесі жайында ақпараттармен алмасып, сұхбаттасты.

Кәсіби бағдар жұмысы бағдарламасы барысында дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының профессор-оқытушы құрамдарымен кездесіп, кафедраның профессоры, т.ғ.д. Төлебаев Тұрғанжан Абеуұлы қосымша мағлұмат беріп, жалпы саны 30-ды құрайтын Қаскелең мәдениет колледж студенттері өздерін қызықтырған сұрақтарына толыққанды жауап алды.

Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы