Инновациялық жобалар сайысы

13.04.2018

Көрулер: 2526

Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастыру жоспарланып отырған Фараби оқулары халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының негізгі идеясы – ұлы ғалым мұраларын насихаттау, заманауи қазақстандық қоғамның рухани-адамгершілік және интеллектуалды мәдениетін байыта түсу. Әл-Фараби мұрасы мен қазақ халқының рухани дүниесінің арасындағы тарихи-мәдени байланыстарын  жан-жақты қарас­тыру. Сонымен қатар қазіргі қезеңмен салыстырмалы түрде талдау жасау, ұлы дала перзентінің ғылыми философиялық  ой-пікірлерін зерделеу. Тарих, археология және этнология факультеті де осы Фараби оқуларына белсенді қатысып, Ниязов Амангазы(ғылыми жетекшісі А.А.Жарасов) инновациялық жобалар сайысында 3-орынға иеленді.

Қазақстан тарихы кафедрасы - Жарасов А.А.