Қазақстан Республикасының жаңа білім жүйесінің қалыптасуы

20.04.2018

Көрулер: 3149

Онлайн-конференция Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің тарих, археология және этнология факультеті, «Қазақстан тарихы» кафедрасының профессоры Ф.А.Қозыбақованың жетекшілігімен, математика мамандығы, 1 курс, 2-ші топ студенттерінің ұйымдастыруымен, Түркияның Сакария университетінде менеджмент мамандығында оқитын студенттермен бірлесе өткізілді. Бұл шараға механика және математика мамандығының студенттері де қатысты. Онлайн-конференция барысында ҚазҰУ-нің жаңа білім беру жүйесінің қалыптасуы және ҚазҰУ-нің бүгінгі күндегі халықаралық қатынастардағы орны жайында жан-жақты мәлімет берілді. Артықшылықтары мен басымдылық тұстары айтылды. Сонымен қатар, ҚазҰУ-нің Қазақстандағы және әлемдік аренадағы рөлі мен маңызы айшықталды.Сакария университетінің студенттері де өз университеттерін таныстырды. Сұрақ алмасу арқылы берілген мәліметтер толықтырылды.

Қазақстан тарихы кафедрасы - Қозыбақова Ф.А.