Қазақстанның жаңа жаһандық білім беру саласындағы рөлі

20.04.2018

Көрулер: 3005

Бұл шараны механика-математика факультеті, математика мамандығының 1-курс, 1-топ студенттері және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің тарих, археология және этнология факультетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының профессоры Қозыбақова Ф.А.  ұйымдастыруымен өтті.

Шара барысында Қытай мемлекеті Quijing normal university, Мəскеу қаласы М.В.Ломоносов атындағы Мəскеу мемлекеттік университетінің тау-кен және өңдеуші өнеркәсіптің геологиялық барлау факультетімен онлайн байланыс жасалды және Польша мемлекеті, Варшава қаласының, Vistula university студенттерімен тәжірибе алмасып, ҚазҰУ-дің халықаралық аренадағы алатын орны жайында талқыланды.

Шарада студенттер әр түрлі сұрақтарға жауап алу арқылы таным-түсініктерін кеңейтіп, білімдерін толықтыра түсті. Кездесу соңы шетелдік студенттерді ҚазҰУ-не шақырумен аяқталды.

Қазақстан тарихы кафедрасы - Қозыбақова Ф.А.