Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы

19.04.2018

Көрулер: 2719

Бұл шараны механика-математика факультеті, механика мамандығының 1-курс, 2-топ студенттері және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің тарих, археология және этнология факультетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының профессоры Қозыбақова Ф.А.  ұйымдастырды.

Шара барысында Қытай мемлекеті Nanjing  University Нанкин қаласында орналасқан мемлекеттік университетімен онлайн байланыс жасалды. ҚазҰУ-дің халықаралық аренадағы алатын орны жайында талқыланды.

Бұл шара барысында Қазақстанның Тәуелсіздік алуы, оның бүгінгі күнге дейінгі қалыптасуы және ондағы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың рөлі туралы шетелдік студенттермен пікір алмастық.

Шарада шетелдік студенттер Қазақстанға байланысты әр түрлі сұрақтарға жауап алу арқылы таным-түсініктерін кеңейтіп, білімдерін толықтыра түсіп,болашақта мамандықтарына қарай тәжірбие алмасып,кездесуге келісті. Кездесу соңы шетелдік студенттердің жылы лебіздерімен, ҚазҰУ-ге шақырумен аяқталды.

Қазақстан тарихы кафедрасы - Қозыбақова Ф.А.