«Жұмыс берушілер кеңесінің» мәжілісі

21.04.2018

Көрулер: 2722

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Тарих, археология және этнология факультетінде «Жұмыс берушілер кеңесінің» мәжілісі өтті. Мәжіліске ҚР Президент архиві, ҚР Ұлттық архиві, Орталық мемлекеттік Алматы қаласының архиві, ҚР Білім және ғылым министрлігінің  республикалық ғылыми педагогикалық кітапханасы, ҚР Мәдениет министрлігі Мәдениет Комитетінің республикалық  зағип және нашар көретін азаматтарға арналған  кітапханасы, «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі, «Алматы қаласы музейлер бірлестігі», «Остров Крым» ғылыми -реставрация лабораториясы, Генетика және цитология институты, ғылыми-зерттеу институттары мен жалпы білім беретін мектептердің директорлары, директор орынбасарлары қатысты. Мәжілісте факультет мамандықтары бойынша жаңа оқу жылына негізгі оқу жоспарлары талқыланып, талқыланды. Білім беру сапасын арттыру, студенттердің теориялық білімін, практикалық тұрғыдан тереңдету ісінде екі жақты тың ұсыныстар айтылып, шешім қабылданды.

Тарих, археология және этнология факультеті