«Мен Қазақстанның патриотымын!»

28.04.2018

Көрулер: 3454

Алда келе жатқан Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай жастарды патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында ҚазҰУ әскери кафедрасының бір топ оқытушы-профессорлар құрамы «Бөбек» Ұлттық орталығының гимназиясында білім алып жатқан оқушыларға «Мен Қазақстанның патриотымын!» тақырыбында дәріс өткізді.

Дәрістің негізгі мақсаты – патриотизмнің негіздерін, олардың біздің өміріміздегі маңызын, қазіргі заманғы жастарға діни экстремизм мен әлеуметтік желілер арқылы беріліп жатқан ақпараттардың қауіпсіздігін түсіндіру болып табылады.

Шара аясында әскери кафедраның студенттері оқушыларға қазақтың батырлары Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының батырлары және басқа да Халық Қаһармандарының ұлы ерлігі мен жүріп өткен жолы жайлы айтып, осындай батыр бабалардың ұрпағы ретінде әрбір азаматтың бойында тайсалмайтын ерлік рух болу қажет деп, оқушыларды отансүйгіштікке шақырды.

Осымен қатырынан үшінші жыл өткізіліп отырған шара соңы көңілді концерттік бағдарламаға ұласып, жастар әскери әндер мен билер орындап жиналған қауым тамаша кештің куәгері болды.

Әскери кафедра