Ашық есік күні

25.04.2018

Көрулер: 3423

25 сәуірде, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде мектеп бітіруші түлектерге арналған «Ашық есік күні» өтті.

Шараға Алматы қаласының 10-нан аса мектебінен келген оқушылар мен ұстаздар қатысты. Жиынды факультеттің деканы Палтөре Ы.М. ашып, факультеттің бүгінгі тыныс-тіршілігі мен болашақтағы жоспарлары туралы айтып өтті. Кездесу барысында жас жеткіншектер ЖОО мамандықтары, түсу және оқу талаптары туралы білді.
Мектеп бітірушілермен кездесу кеші концерттік бағдарламамен жалғасты. Шара соңында бітірушілерге факультеттің және қытайтану кафедрасының буклеті таратылды.