"Экономика" мамандығының студенттері 3 орынға ие болды

30.03.2018

Көрулер: 3264

«Natus Vinure» командасының құрамында Жолдасбек Ғaни, Рустемова Айман және Сатханбаева Аружан Х Республикалық студенттік пәндік олимпиадада үшінші орын алды. Олимпиадаға Қазақстанның барлық өңірлерінен 20 ЖОО-дан 138 команда қатысты. Олимпиаданың қорытынды турына еліміздің 13 жоғары оқу орындарының, республиканың 8 қалаларынан (Алматы, Астана, Талдықорған, Тараз, Өскемен, Қарағанды, Түркістан, Кенді) 99 студенттер (33 команда) өтті. Презентация келесі критерийлер бойынша бағалады: өзектілігі, маңыздылығы, шешендік шеберлік, техникалық жобалау, сұрақтарға жауаптар. Үш тур қорытындысы бойынша, ұпай саны ең көп командалар дипломдармен марапатталды.