2018 жылдың 28 сәуір - №4 журнал клубының отырысы

23.04.2018

Көрулер: 2820

Сұхбат үшін мақала

Оқу жылының аяқталуымен және студенттерге арналған емтихандардың басталуы қарсаңында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Медицина факультетінің биомедстатистика және дәлелді медицина кафедрасы, Сізді, 2018 жылдың 28 сәуір айының  (сенбі) сағат 14.00-де, медицина факультеті ғимараты 1-қабат, 5-аудиторияда өткізілетін, Журнал клубының осы оқу жылындағы соңғы жиналысына шақырады.

Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығының 1 курс докторанты Сұлтанова Балнұрмен бірге «Nonalcoholic Fatty Liver Disease in Patients With Type 2 Diabetes» атты ғылыми мақаланың үлгісінде авторлардың позицияларын және дәлелдерін анықтауға негізделген ғылыми мақалаларды объективті талдау жүргіземіз. Мақаланың негізгі мазмұнын мұқият талдаусыз анықтау қиын.

Медициналық әдебиеттердегі жарияланымды сыни бағалау студенттер мен оқытушыларғп өз мақалаларын жазуға және ғылыми-зерттеу және тәжірибелік дағдыларды қалыптастыруға, қателіктерден аулақ болуға көмектеседі.

Мақала мәтіні келесі сілтемеде бар: http://www.cghjournal.org/article/S1542-3565(04)00014-X/fulltext немесе тіркемеде. Мақала алдын-ала семинардың барлық қатысушылары тарапынан оқылуы тиіс.

Журнал клубы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенттері, магистранттары, докторанттары мен оқытушыларының, сондай-ақ басқа да университеттер мен университеттердің, ғылыми-зерттеу институттарының зерттеушілерінің қатысуымен ашылады. Барлығын қатысуға шақырамыз! Сізді көруге қуаныштымыз.

Модератор: Биомедстатистика және дәлелді медицина кафедрасының оқытушысы Кузиева Гульмира, e-mail: gulmira.kuziyeva@kaznu.kz, 8 (705) 4446444, 8 (727) 2211623.