ТМД Корейлері туралы арнайы дәрістер курсы өтуде

18.12.2017

Көрулер: 3677

Қиыр Шығыс кафедрасында диаспорологияға қатысты арнайы дәрістер курсы өтуде

ҚазҰУ-нің Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасының корейтану бөлімінде Корея Республикасының Шетелде тұратын корейлер фондының қолдауымен «ТМД Корейлері»туралы арнайы дәрістер курсы өтуде.

Осы арнайы дәрістер курсының дәріс оқушылары корейтану саласында еңбек сіңірген мамандар: профессор Кан Георгий, к.и.н., и.о.доценті Ем Н.Б., профессор ЛиБенг Джо,«Корё ильбо» газетінің басты редакторы Ким Константин,Алматы қаласындағы Корей Республикасының бас консулыДжон Сын Мин, Алматы қ.АКК  президенті О Сергей, «Новые решения» білім беретін фондының бас директоры Ким Вячеслав, Оңтүстік Кореялық Қазақстандағы орта және кіші кәсіп ассоциациясының бұрынғы директоры Им Джон Хван. Дәрістер тек теорялық түрде емес, практикалық түрде де экскурсия ретінде жүргізілуде.

2017 жылы 18-ші қараша күні осы дәрістер курстарына байланысты жер аударылған кәрістердің бірінші тұрағына, Үштөбе қаласына экскурсияға шықты. Қиыр Шығыс кафедрасының корейтану бөлімінің меңгеруші профессоры Ли Бенг Джоның жетектеуімен студенттер бірнеше мемориалдар мен қаланың көрікті жерлеріне барып көрді. Оның ішінде студенттер қаланың орталық саябағында орналасқан саяси қуғын-сүргінге ұшыраған құрбандарға арналған мемориалды, бұрынғы корей театрын, қазіргі Қошқарбаев атындағы (бұрынғы кәрістерге арналған Дзержинский  атындағы) мектепті көре алды. Студенттер тарихи оқиғалар болған жерде тұрып, Қазақстанның және де ТМД кәрістерінің тарихын көріп, естіп және сезе де алды.

Бұл дәрістер курсы студенттерге Қазақстанда тұратын корей диаспорсаның дамуы туралы толық суретін дамытуға және қазіргі замандағыжай-күйін қалыптастыруға көмектесті.