Спорттағы ҚазҰУ жеңістері

15.12.2017

Көрулер: 3164

ҚазҰУ студенттері Қазақстанның ЖОО арасында IX жазғы Универсиада чемпиондары атанды.

Кезекті университет ғылыми кеңесі мәжілісінде ұлттық-ғылыми практикалық дене тәрбиесі орталығының директоры Садық Мұстафаев университет ректоры Ғалым Мұтановқа спортшыларға деген айрықша қолдауы үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің дипломы мен кубогын табыстады.  Спорттың 24 түрінен өткен Универсиадаға 52 ЖОО командалары қатысты. Жарыс бірнеше кезең бойынша Петропавл, Шымкент, Талдықорған, Жамбыл, Түркістан, Алматы қалаларында өтті. Қажырлы сайыста ҚазҰУ спортшылары көшбасшы атанып, 18 спорт түрінен 18 алтын, 5 күміс және 4 қола медальді жеңіп алды.

Студенттерді жеңісімен құттықтаған ректор ҚазҰУ еліміздегі үлкен спорттың дамуына өлшеусіз үлес қосып, студенттік спортта көшбасшы атанып, даңқты дәстүрге айналдырып келеді деді. Мәселен 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен жазғы Олимпиада ойындарына ҚазҰУ-дың 17 студенті қатысқан. Қазақстан тарихында тұңғыш рет суда жүзуден ҚазҰУ студенті Дмитрий Баландин Олимпиада чемпионы атанса, Елдос Сметов пен Эльмира Сыздыкова күміс және қола медальға ие болды.

Сонымен қатар ҚазҰУ студенттері Оңтүстік Кореядағы Бүкіләлемдік Универсиада ойындарында Қазақстан құрамасының тарихында бұрын-соңды болмаған жетістікке қол жеткізіп, алты алтынның бесеуін жеңіп алды. Ал  Тайбэде (Тайвань) өткен 29-шы Жазғы универсиадада біздің студенттеріміз Денис Уланов, Дмитрий Баландин және Сергей Григорьев 4 алтын, 2 күміс,бір қола медалға қол жеткізді.

Қазіргі таңда университетімізде денешынықтыру мен спорт саласының дамуы үшін барлық жағдай жасалған. Сапасы керемет техникалық база студентердің кез-келген уақытта келіп, әр түрлі секцияларға қатысып, спортпен айналасуына үлкен мүмкіндік береді. Жаттықтырушы мен спортшыларымыздың талмай еңбек етуінің арқасында ҚазҰУ құрамасы қазіргі таңда халықаралық және республикалық жарыстарда сәтті өнер көрсетіп жүр.

Баспасөз қызметі