«Бір белбеу – бір жол»

15.12.2017

Көрулер: 3337

«Бір белбеу – бір жол»

Ағымдағы жылдың соңғы айында университетіміздің халықаралық байланыс және ынтымақтастық салаларында бірнеше сәтті қадамдар жасалды. Жылдың соңында ҚХР-дың Шанхай және Пекин қалаларында «Қазақстан ЖОО-ның білім көрмесі» атты іс-шара Білім және Ғылым министрлігі мен Халықаралық бағдарламалар орталығының бірлесе ұйымдастырумен өткізілген болатын. Аталған көрмеге әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бастаған 20-дан астам Қазақстандық жетекші ЖОО-ы белсенді атсалысты. Көрме барысында Қазақстандық ЖОО таныстырылды. Бұл туралы қытайлық және қазақстандық БАҚ хабарламалар таратқан болатын. Біз әрине өзіміздің университетіміз осы көрме барысында қандай нақты нәтижелерге қол жеткізгендігі туралы айтқымыз келеді.

Көрме барысында Қытайлық жетекші ЖОО өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылды. Шанхай қаласының Фудан университетінде ұйымдастырылған көрме барысында Шанхай қаласында орналасқан Tongji University, Shanghai University, Donghua University, Shanghai Normal University, Shanghai Polytechnic university сияқты университеттермен кездесу өтті. Ал Бежің біріккен университеті қабырғасында ұйымдастырылған көрме барысында Пекин қаласында орналасқан  Beijing Normal University, North China University of Technology, Minzu University of China, Beijing Jiaotong University, China University of Petroleum Beijing, Central University of Finance & Economics және қалаға жақын орналасқан провинциялық Ningbo university атты университеттермен екіжақты серіктістік  мәселелері талқыланды. Кездесулер барысында екіжақты академиялық ұтқырлық, студенттер мен оқытушылар алмасу, жазғы және көктемгі мектептер, ортақ ғылыми жобалар сонымен қатар «қос диплом» бағдарламалары талқыланды. Қытайлық ЖОО-ы  біздің университетімізбен тығыз байланыс орнатуға дайын екендіктерін қайта-қайта ескертумен болды.

Central University of Finance & Economics келесі оқу жылында біздің университетімізді бітірген үздік студенттерді магистратураға қабылдауға және ол магистранттардың барлық шығындарын көтеруге, ал Beijing Normal University, Beijing Jiaotong University, Ningbo university сияқты университеттер біздің университетімізбен «қос диплом» бағдарламасы бойынша жұмыс жасауға, Donghua University, China University of Petroleum Beijing сияқты университеттер қытайлық «Бір белбеу – бір жол» және қазақстандық «Нұрлы жол» бағдарламалары аясында ортақ ғылыми жобалар жасауға және ұтымды екі жаққа да пайдалы жобаларға демеушілік жасауға дайын екендіктерін жеткізді.

Қытайлық ЖОО-ның қазақстандық жиырмадан артық оқу орындары қатысып отырған көрмеде біздің университетімізбен байланыс орнатуға ынталы болуы ҚазҰУ-дың халықаралық беделінің жоғары екендігінің тағы бір көрінісі.

Халықаралық қатынастар факультеті