"Мың құмырсқа және біз"

06.05.2016

Көрулер: 3341

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде "Айқын" республикалық қоғамдық-саяси газетінің Бас редакторы Нұртөре Жүсіптің "Мың құмырсқа және біз" атты кітабының тұсаукесеріне орай студенттермен кездесу өтті.

Аталмыш шараға "Түркістан" газетінің бас редакторы Шамшидин Паттеев, журналистика факультетінің деканы Сағатбек Медеубекұлы, факультет профессорлары Сағымбай Қозыбаев, Клара Қабылғазина, Аманқос Мектептегі қатысып, құнды кітап төңірегінде пікірлерін айтты.  

Студенттерге өз тәжірибесі төңірегінде түрлі кеңес берген кітап авторы Нұртөре Жүсіп: "Басылымның қандай түрінде қызмет істесем де, мен азаматтық көзқарасымды алға қоямын. Ол біріншіден қасиетті қарашаңырақ- ҚазҰУ берген дипломды ақтау, екіншіден ұжыммен дайындап отырған газетімді кәсіби деңгейде шығару, үшінші құрылтайшының талап-тілегінен шығу керек, ал төртінші редакция қызметкерлерінің еркін жұмыс жасауына мүмкіндік беру", - деді.