Шетелде қалай жұмыс істейді

05.05.2016

Көрулер: 2457

Журналистика факультетінде Reuters халықаралық ақпараттық агенттігінің аға корреспонденті Олжас Әуезовтің «Особенности работы корреспондента зарубежных СМИ» тақырыбында шеберлік сағаты өтті. О.Әуезов әлемдегі жаңалықтар және қаржы ақпаратының ірі халықаралық агенттігінің бірі саналатын Рейтер агенттігінің корреспондент жұмысының ерекшелігі туралы айтып берді. Студенттер агенттіктің маңызды ақпараттық өнімі -  ағылшын, орыс тілдерінде шығатын Рейтер ақпараттық лентасы, сондай-ақ фото және бейнематериалдар екендігін білді. Лентада бірінші кезекте нарықтағы инвесторларға маңызды болып табылатын нақты осы уақытта жаңалықтар (компанияның қаржы нәтижелері, экономикалық статистика мәліметтері туралы хабарландырулар, саяси жаңалықтар) беріліп тұрады. Кездесу шын ықыласты жағдайда өтті.      

 

ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасы