Студенттік Ғылыми Кеңестің тарихы

Әл-Фараби ат. ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің Студенттік Ғылыми Кеңесі алғашқы отырысында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің кіші залында 2016 жылы 4 қараша сағат 17.30-да Студенттік Ғылыми Кеңесінің презентациясы өтті.

Таныстыруда болды:

• Шакиров Каримжан Нурумович – Әл-Фараби ат. ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің деканы;

• Деловарова Лейла Федоровна – халықаралық қатынастар факультеті деканының ғылыми-инновация және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары;

• Чукубаев Ермек Самарович – халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының меңгерушісі;

• Айдарбаев Сагынгалий Жоламанович –халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі;

• Тусупова Алмагуль Жагалтаевна – халықаралық құқық кафедрасы меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары;

• Баймагамбетова Зульфия Мажитовна - халықаралық құқық кафедрасы меңгерушісінің ғылыми-инновация және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары;

• Жайлау Жанат - халықаралық құқық кафедрасының заң ғылымдарының кандидаты.

Іс-шараның көздеген мақсаты студенттерді халықаралық қатынастар факультетінің Студенттік Ғылыми Кеңесі қызметімен танстыру , студенттік өзін-өзі басқаруға баулу, сондай-ақ, белсенді студенттерді жинау. Халықаралық қатынастар факультетінің Студенттік Ғылыми Кеңесі – бұл студенттердің бастамаларын қолдау мақсатында құрылған, студенттік өзін-өзі басқарудың жаңа органы. Кеңес Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар студенттерінің ғылыми-зерттеу қызметін дамыту мақсатында және факультеттің инновациялық әлеуетін нығайту мақсатында құрылған студенттердің ерікті бірлестігі болып табылады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультеті басшылығының ниетімен студенттердің ғылым, ғылыми-зерттеу және инновациялық бастамаларын қолдау мақсатында студенттерге ең қолайлы жағдайлар қалыптастыру үшін Студенттік Ғылыми Кеңес Білім беру жүйесі қалыптастырылды.

Осы Кеңестің бастамашысы ретінде, отырысты Студенттік Ғылыми Кеңесінің төрағасы, халықаралық құқық мамандығының 3-курс студенті, Слета Виктория ашты. Ол сахнада қазіргі қоғамдағы өз-бетімен білім алудың маңыздылығын еске салып, еліміздің болашағы қазіргі жастардың интелектуалдық дамуына байланысты екенін және мемлекеттің дамуы үшін жоғарғы деңгейде даярланған, инновациялық жобаларға қатысуға дайын мамандардың қажет екенін айтты.

Презентация аясында халықаралық қатынастар факультетінің деканы Шакиров Каримжан Нурумович құттықтау сөзімен сахнаға шықты. Ол студенттік жылдарда ғылыми іс-шараларға қатысудың маңыздылығын және оның болашақ түлектердің жұмысқа орналасуына әсер ететінін атап өтті. Декан сонымен қатар халықаралық қатынастар факультетінің Студенттік Ғылыми Кеңесінің мықты жақтарын сипаттап, студенттер үшін оқудан тыс ең тиімді іс-шаралардың даму перспективаларын атап өтті.

Халықаралық қатынастар факультеті деканының ғылыми-инновация және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Деловарова Лейла Федоровна өзінің сөзінде оқуды және ғылыми өмірді ұштастыра білу қажет екенін айтып, ғылыми жұмыстар нәтижесі негізінде сыни түсінік қалыптастырып, жеке ғылыми жұмыс бағытын айқындау керектігін атап өтті. Және де барлық қатысушыларға Студенттік Ғылыми Кеңесінің идеяларын іске асыру үшін шығармашылық күш тіледі.

Сонымен қатар игі тілектерімен халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі Айдарбаев Сагынгалий Жоламанович сөз сөйледі. Ол сарапшының ғылыми жұмыс перспективалары белсенді студенттік ғылыми жұмыстарда қалатынын екпіндеді: дәл осы жерде жас мамандарды ғылыми мектептерге қабылдау жүреді, ғылыми мектептердің және ғылыми іс-шаралардың құрылымы жасалынады.

Презентация аясында халықаралық қатынастар факультеті Студенттік Ғылыми Кеңесінің төрағасы Слета Виктория Студенттік Ғылыми Кеңес құру жолында жасалған іс-шараларды, Кеңес құрамында болудың артықшылықтарын, ұйымның құрылымында өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндіктерін атап өтті. Сонымен қатар ұйым құрылғаннан бастап 7 күн ішінде жасалған жұмысты анализдеп, келесі 2 апта жұмыс жоспары таныстырды. Презентация уақытында студенттердің ғылыми-инновациялық іс-шараларға қатысудың артықшылықтары жайында сұрақтар талқыланды. Осы сұрақ жайында студенттер өз ойларын жеткізді және сұхбатқа факультеттің оқытушылары да белсенді түрде қосылды. Олар ғылыми жұмыстармен айналысуға не итермелегенін айтып, студенттердің сұрақтарына жауап берді.

Сонымен қатар халықаралық қатынастар факультетінің Студенттік Ғылыми Кеңесінің алғашқы отырысын ұйымдастыруда өз бетімен белсенділіктерін танытқан студенттер (Позднякова Екатерина, Юрлова Диана, Пелипейко Ксения, Турганбаев Санжар, Байсеитова Лаура, Ким Вероника, Оспанова Инкара, Костенко Александра) Кеңеске мүшелік болуға бағыт-бағдар берді.

Таныстыру кешінің ресми бөлігінің қорытындысы ретінде факультеттің басшылығы факультеттің ғылыми өмірінде студенттердің қабілетінің көрінісін, ғылыми бастамаларын мүмкіндігінше әрқалай қолдайтынын айтып, студенттер қазірден бастап Студенттік Ғылыми Кеңесінің ғылыми жұмыстарына белсенді түрде қатысуы жайлы шешім қабылдайтынына сенім білдірді.

Таныстырудың бейресми бөлігінде студенттер арасында «Своя Игра» атты интелектуалдық ойын ойнатылды. Оның нәтижесі бойынша ұтқан командалар дипломдармен және тәтті сыйлықтармен марапатталды.

Халықаралық қатынастар факультетінің Студенттік Ғылыми Кеңесінің презентациясы көптеген студенттерді дәл осы салада әрекет етуге ойландырды. Шамалы уақыттан кейін олар осы системамен жақын танысып, білімдері мен дағдыларын халықаралық қатынастар факультетінің Студенттік Ғылыми Кеңесінің мүшесі ретінде пайдалана алады.